14.02.2011, 11:39 4480

Мысырдың экс президентінің денсаулығы сыр берді

Мысырдың экс президентінің денсаулығы сыр беріп, ауыр халде жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 14 - ақпан. Kazakhstan Today - Мысырдың экс президентінің денсаулығы сыр беріп, ауыр халде жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мысырда болған соңғы оқиғалар Мысырдың бұрынғы президенті Хосни Мүбаракқа қиын тиіп, оның денсаулығы сыр берген. Ол ауыр халде жатыр. Мұндай ақпарат жексенбі күні бірнеше египеттік және арабтың БАҚ жарық көрген, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

"Аль-Масри аль-Яум" газетінің мәліметтеріне сүйенсек, Мүбарак қазіргі уақытта ес түссіз күйде жатыр. Баспа экс-президенттің маңындағы сенімді ақпарат көзіне сілтеме жасаған. Олардың айтуынша, оған медицналық жәрдем үйінде көрсетіліп жатыр, және де оны ауруханаға жеткізу туралы шешім әлі қабылданбаған.

Каирде Мүбарактың денсаулығына қатысты ешқандай ресми ақпарат әзірге жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны