26.07.2007, 13:23 2633

Монғолия президенті тамыздың ортасында ресми сапармен Қазақстанға келеді

АЛМАТЫ. 26 шілде. Kazakhstan Today. Монғолия президенті Намбарын Энхбаяр 2007-жылдың тамыз айының 13 мен 15 аралығында ресми сапармен Қазақстанға келеді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қазақстанның инвестицияларға қолдау көрсету жөніндегі "Қазинвест" орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.

Н. Энхбаяр мырзаның сапары барысында Астанада екі елдің іскерлік өкілдері үшін бизнес-форум өткізу межеленген. Кездесу барысында тараптар ауылшаруашылығы, тау-кен ісі, құрылыс және құрылыс материалдары салаларындағы ынтымақтастыққа қатысты мәселелерді талқыламақшы. Монғолияның бизнес өкілдері арасында 20 ірі компанияның өкілдері келіп, қазақстандық кәсіпкерлерге өздерінің инвестициялық жобаларын таныстырады.

"Қазинвест" мәліметіне сәйкес, 2006 жылы екі ел арасындағы сауда-саттық көлемі 67,4 млн долларды, соның ішінде экспорт - $66,3 млн және импорт - $1 млн

(2005-жылғымен салыстырғанда тауар айналымы 1,2 есе өсті) құрады. Осы жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш $7,76 млн, соның ішінде Қазақстанға шығарылған экспорт - $352,6 мың, Қазақстаннан алынған импорт - $7,41 млн (2006 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда тауар айналымы 3,6 есе өсті) болды.

Қазақстан негізінен Монғолияға астық, мұнай өнімдері, темекі мен құбырлар шығарады. Ал осы елден ет, жүн, плавик шпатын алады.

Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдың 22-қаңтарында орнаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны