03.03.2012, 11:10 3059

Мұхтар Ибіләзов 9-наурызға дейін сотқа өзі келуге тиіс

Егер М. Ибіләзов 9-наурызға дейін сотқа өз еркімен келмесе, ол өзін қорғау құқығынан айырылып, 5 млрд АҚШ доллары көлемінде жасаған алаяқтық туралы шағым бойынша сот шешімі сырттай қабылданатын болады.

Лондон. 3-наурыз. Kazakhstan Today - Лондонның соты Мұхтар Ибіләзов 9-наурызға дейін сотқа өзі келуге тиіс немесе алаяқтық туралы тағылған айып бойынша өзін қорғау құқығынан айырылады, деген шешім қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Егер М. Ибіләзов 9-наурызға дейін сотқа өз еркімен келмесе, ол өзін қорғау құқығынан айырылып, 5 млрд АҚШ доллары көлемінде жасаған алаяқтық туралы шағым бойынша сот шешімі сырттай қабылданатын болады. Мұндай шешімді судья Найджел Тир 29-ақпан күні қабылдаған, деп хабарлайды Bloomberg.

"Ибіләзов бой тасалап кетті. Тіптен оның қайда екендігін қорғаушылардың өзі білмейді",-деп мәлім етті судья.

Естеріңізге сала кетсек, М. Ибіләзов 16-ақпан күні болатын сотқа келмеген болатын. Лондонның Жоғары сотының судьясы Найджел Тиэр БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Ибіләзовті сотты құрметтемегені үшін 22 айға қамауға алу жөнінде қаулы шығарған.

Ибіләзов қаржы активтері мен құнды қағаздар елден шығарылған "Бубрис" компаниясының қожайыны болып табылатынын жасырған. Сол сияқты ол Лондонның Жоғары сотынан Англиядағы жылжымайтын мүліктің қожайыны болып табылатынын да бүгіп қалған Ибіләзов сотқа қатысқан жоқ.

Осы орайда Ибіләзовке қатысты қылмыстық істің 2009 жылдың басында мемлекеттің БТА банктің капиталына енуінен және аталмыш банктің "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорының бақылауына өтуінен кейін қозғалған. Қылмыстық іс қозғалған соң Ибіләзовтің елден қашып кеткені белгілі. Сол сияқты оған қарсы Ресейде де қылмыстық іс қозғалып, сырттай қамауға алу шарасы қолданылғанын да назардан тыс қалдырудың еш қисыны жоқ. Ал Қазақстан аса үлкен көлемде алаяқтық жасады және банк қаржыларын жалған компаниялар арқылы ел аумағынан сыртқа шығарды деген айыппен БТА банктің бұрынғы басшысын экстрадициялауды талап етіп отыр.

Бүгінде Ибіләзовтің БТА банктің басшысы болып тұрған кезде заңсыз жымқырған қаржысының жалпы көлемі шамамен 5 миллиард долларды құрайды деп бағалануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны