29.11.2012, 17:48 3471

Н.И.Назарбаевтың экономикалық моделі әлемдік дағдарыс жағдайында өз тиімділігін дәлелдеді

Президент Н.И.Назарбаев жүзеге асырған экономикалық даму моделі әлемдік дағдарыс жағдайында өзінің жоғары тиімділігі мен тұрақтылығын көрсетті, деп мәлім етті Бірінші Назарбаев оқулары халықаралық форумының ашылуында білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов.

Астана. 29-қараша. Kazakhstan Today - Н.И.Назарбаевтың экономикалық моделі әлемдік дағдарыс жағдайында өз тиімділігін дәлелдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Президент Н.И.Назарбаев жүзеге асырған экономикалық даму моделі әлемдік дағдарыс жағдайында өзінің жоғары тиімділігі мен тұрақтылығын көрсетті, деп мәлім етті Бірінші Назарбаев оқулары халықаралық форумының ашылуында білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов.

"Президент Н.И.Назарбаев жүзеге асырған экономикалық модель әлемдік дағдарыс жағдайында өзінің жоғары тиімділігін және орнықтылығын көрсетті. Экономикалық модель әлемдік дағдарыстың Қазақстанның дамуына тигізген әсерін барынша азайтып, елімізді орнықты даму жолына қайта шығарды",- деді Б.Жұмағұлов өз сөзінде.

Білім министрі айтып өткендей, әлемдік сарапшылардың бағалауынша, ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығында экономикасы ең қарқынды дамыған 25 елдің ішінде Қазақстан үшінші орында тұр.

"Экономикалық модельдің табыстылығының тағы бір дәлелі сол, Давос Дүниежүзілік экономикалық форумының жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстан бірденнен 21 орынға көтеріліп, 51-ші орыннан көрінді", - деді министр.

Б.Жұмағұловтың айтуынша, Елбасы ұсынған үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың жаңа моделі елімізді қайта жаңартудың қуатты факторына айналады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" тақырыбына арналған Назарбаев оқулары халықаралық форумы өз жұмысын бастады. Бұл форум сарапшылық және политологиялық талдау призмасы арқылы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөлін көрсетуге, сондай ақ елдің ары қарай даму болашағын қарастыруға арналған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны