29.03.2007, 17:03 3246

Назарбаев Варшавада өтетін энергетикалық саммитке қатысу мәселесі бойынша Ресей мен Польша арасындағы дәнекерші болмақ

АСТАНА. 29-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Варшавада өтетін энергетикалық саммитке Ресей Федерациясының қатысу мәселесі бойынша Ресей мен Польша арасындағы дәнекерші болмақ. Бұл туралы Польша президенті Лех Качиньский бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз Қазақстанмен президентімен Ресей туралы әңгімелестік. Қазақстан президенті тиісті келіссөздер жүргізеді. Оның нәтижелері туралы кезінде мәлімдейтін боламыз",- деді Польша президенті Л.Качиньский. "Түйткілдерді жақсы білетін, тіпті қазіргі мұнай және газ тасымалдау жолдарының техникалық мүмкіндіктерінен де кеңінен хабардар Қазақстан президенті маған Ресей арқылы бағыттан гөрі басқа бағытқа кедергі келтіретін көптеген қырларын көрсетіп берді",- деді Польша президенті.

Осы орайда ол "Польша Ресейдің жауы емес екенін" атап өтті. "Бірақ Польша мұнай және газ алатын бағыттарды әртараптандырғысы келеді. Біз Қазақстан президентімен осы мәселе жайында пікірлестік. Мен біздің еш бағытты мүлдем жоққа шығармайтындығымызды, бұрынғыдай келіссөздер жүргізе беретіндігімізді жеткіздім",- деді Л.Качиньский. "Варшавада өтетін энергетикалық саммитке Ресей Федерациясының қатысу мәселесінің басы ашық күйінде қалып отыр",- деді ол.

Л.Качиньский сонымен бірге "Қазақстанды осы кездесуге қатысуға шақырғанын" хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны