03.12.2008, 16:07 3018

"Нұр Отан" Халықтық Демократиялық партиясы мен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

"Нұр Отан" Халықтық Демократиялық партиясы мен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Астана. 3 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін "Нұр Отан" Халықтық Демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Д.Қалетаев пен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Р.Түсіпбеков "Нұр Отан" ХДП және құқықтық жүйедегі демократиялық өзгерістерді жүзеге асыруды тереңдету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресті жетілдіру саласындағы негізгі қадағалау орган арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Нұр Отан" ХДП төрағасы Н.Назарбаев қойған міндеттерді жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлық көріністері жөнінде түскен азаматтардың шағымдарына нақты және жедел ықпал ету, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзу фактілері бойынша ақпараттармен алмасу, сыбайлас жемқорлық сипатындағы тәртіп бұзушылықтарға ықпал етуші себептер мен жағдайларды айқындау және оларды жою бойынша бірлестікте жұмыстар ұйымдастыру, сондай-ақ қолданыстағы заңнама нормаларын жетілдіру шараларын қолдану - тараптар арасындағы ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары деп белгіленді".

"Сонымен қатар, Қазақстанның сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастығын кеңейтіп, қарқындатуға, азаматтардың және қоғамның конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, кәсіпкерлікті қолдауға, әкімшілік кедергілерді азайтуға, сыбайлас жемқорлықты жойға, өмір сүру деңгейі төмен тұрғындарға қолдау көрсетуге бағытталған түрлі іс-шараларды бірлесе отырып жүргізуге ерекше назар аударылды",- делінген хабарламада.

Сондай-ақ, тараптар партия мен қадағалау органы арасындағы ынтымақтастың формалары қоғам мен мемлекет өміріндегі өзекті мәселелер бойынша бірлестіктегі жоспарлар, бағдарламалар, жобалар, семинарлар, конференциялар және дөңгелек үстелдер, ынтымақтастық бағыттары бойынша сараптама комиссиялары мен жұмыс топтары болады деп шешті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны