27.12.2007, 14:56 2852

"Нұр Отан" партиясының фракциясы мәслихаттармен байланыс жөніндегі кеңес құрды

"Нұр Отан" партиясының фракциясы мәслихаттармен байланыс жөніндегі кеңес құрды

Астана. 27 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының парламент мәжілісіндегі фракциясының жанынан азаматтық қоғам институттарымен және мәслихаттармен байланыс жөніндегі кеңес құрылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Талдау нәтижесінде біз фракцияның жанынан үш консультативтік -кеңес органы- үш кеңес құру жөнінде ұсыныс жасадық. Бұл кеңестер партиямен, парламент пен үкіметпен арадағы көпір болып қана қоймай, сонымен бірге, шығармашылық жұмыстар үшін, түрлі көзқарастардың соқтығысы үшін пікірталас алаңы және негізді ұсыныстар жасау алаңы болуға тиіс", - деп мәлімдеді кеңестің бірінші отырысында сөз сөйлеген "Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары, фракцияның жетекшісі Бақытжан Жұмағұлов.

Бұған дейін фракцияның жанынан Илеуметтік кеңес пен Экономиканы әртараптандыру жөніндегі кеңес құрылған.

Б. Жұмағұловтың айтуынша, кеңес "ел президентінің партиясының, парламенттегі басым партияның ең ауқымды әрі жауапты шешімдерді жүзеге асыру мен олардың жобасын жасаудағы маңызды ықпал тетіктерінің біріне айналмақ.

"Бұл еліміздің тарихында алғаш рет парламенттен аудандық мәслихаттарға дейінгі өкілетті биліктің барлық деңгейлі органдары арасында ықпалдастықтың тиімді тізбегін құруға мүмкіндік беретін жаңаша принциптік көзқарасқа байланысты. Бұл тізбекті өкілетті билік органдарының атқарушы билік - үкімет пен әкімдерге әсер етуінің конституциялық реформалар қамтамасыз еткен жаңаша тетіктерімен біріктіру арқылы біз еліміз ауқымында өкілетті жәнге атқарушы биліктің іс-әрекетін жаңаша деңгейде сабақтастыруға мүмкіндік аламыз", - деді ол.

Кееңс құрамына парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдері, азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысты. Кеңес төрағасы болып мәжіліс депутаты Валерий Доскалов сайланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны