04.07.2007, 12:57 5783

"Нұр Отан" партиясының кезектен тыс сьезі аяқталды

АСТАНА. 4-шілде. Kazakhstan Today. "Нұр Отан"Халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс 11-ші сьезі өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазір саяси партияларға айрықша маңыз беріліп отыр, сол себепті саяси тәртіп күшейтіліп, баршамыз бұрынғыдан да бекем тәртіпке көшуіміз керек", - деп мәлімдеді мемлекет басшысы, "Нұр Отан" партиясының жетекшісі Нұрсұлтан Назарбаев сьездің жабылуында.

Президенттің пайымдауынша, сьезде партия қабылдаған бағдарлама "өте жақсы бағдарлама" болды. "Бұл біздің тындыруға бел байлаған сайлау алдындағы тұғырнамамыз", -деді ол.

Н. Назарбаев құрылтайға қатысушыларда "өңірлердегі жұмыстарды ертеңнен бастап қолға алуға" шақырды. "Біздің бірінші тындыруға тиіс шаруамыз - Қазақстанның әрбір азаматын жұмысты болдырып, жұмыс істеу арқылы ақша табуға мүмкіндік беруге тиіспіз", - деді ол. "Сол себепті іске қызу кірісіңіздер, бұлғақтауға бос уақыт жоқ", - деді мемлекет басшысы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны