30.06.2009, 15:48 7380

Нұрсұлтан Назарбаевты қазіргі заманның ұлы құрылысшысына балаймын - Перес

Нұрсұлтан Назарбаевты қазіргі заманның ұлы құрылысшысына балаймын - Перес

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Израиль президенті Шимон Перес Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты "қазіргі заманның ұлы құрылысшысы" деп санайды. Бұл туралы ол Ақордада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты біздің буынның ұлы құрылысшысына балаймын. Ол тәуелсіз мемлекет құруда, ол өз елінің тамаша әрі жаңа Астанасын салды, ол Қазақстанның болашағын қалауда", деді Ш. Перес бүгін Ақордада өткен жоғары деңгейдегі келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында.

"Қаланы жаулап алғаннан гөрі, салған дұрыс деген сөз бар. Қандай да бір нәрсені жаулап алғанда қару-жарақты пайдаланасың, ал салған кезде адамның әлеуетін пайдаланасың",- деді Шимон Перес.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны