07.02.2007, 16:52 2786

Оңтүстік Қазақстан облысында бұрынғы судья пара алғандығы үшін бес жылға бас бостандығынан айрылды

ШЫМКЕНТ. 7-ақпан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданының бұрынғы судьясы Майра Шертаева пара алғандығы үшін жазасын өтеуді 2015 жылға дейін шегере отырып, бес жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы журналистерге Оңтүстік Қазақстан облыстық сотынан хабарлады.

Облыстық соттың ақпараттарына сүйенсек, М. Шертаеваға қатысты қылмыстық істі Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес жөніндегі департаменті қозғаған. Бұған өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған Түркістан тұрғынының шағымы түрткі болған. Сот процессі сәтті өтуі үшін судья 160 мың теңге талап еткен. Бұл азамат ақшана соттың өзіне емес, оның әпкесіне беруі керек болған. Мұндай қаржысы жоқ айыпталушы қаржы полициясының департаментіне шағымданған. Оған белгі соғылған ақша беріліп, ақшаны беру барысы бейнекамераға түсіріп алынған.

Бұрынғы судья М.Шертаеваны пара алуға қатысты айыптау ісі Шымкентте Ил-Фараби аудандық сотында қаралған. Істі сот төрағасы Зиядинхан Пірниязов жүргізген. Сот процессі барысында "пара алу" жөніндегі айып "пара алуға ниеттену" бабына өзгертілген.

Сот айыпталушыға бес жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған, бірақ жазасын өтеу мерзімін айыпталушының жасөспірім баласы кәмелеттік жасқа толғанша 2015 жылға дейін шегерген болатын. Кеше облыстық соттың қылмыстық іс бойынша алқасы шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны