22.05.2007, 16:54 3099

Орталық Азия аймағында радикалдық және экстремистік ұйымдардың іс-қызметтері күшейіп келеді - Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымының бас хатшысы

БІШКЕК. 22 - мамыр. Kazakhstan Today. Орталық Азия аймағында радикалдық және экстремистік ұйымдар белсенділік танытуда. Бұл туралы бүгін "XXI ғасырдың қауіп-қатерлеріне қарсы тұрудағы БАҚ ролі" атты медиа-форумда сөз сөйлеген Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжа мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Н. Борюжа, Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымының аймақтағы ахуалды "мұқият қадағалап" отырғандығын атап көрсетті. Оның айтуынша, "халықаралық қоғамдастық жариялаған өркениеттердің әріптестігінің келешегі аймақтағы ахуалға тікелей байлпанысты".

Н. Бордюжа өзінің баяндамасында Орталық Азия елдері үшін төнетін қауіп-қатерлерді атап көрсетті, олардың бірі - радикалдық исламдық бірлестіктердің беделінің артауы болмақ. Ол аймақ елдерінде "Хизб-ут-Тахрир" радикалдық ислам партиясы өзінің іс-қызметін, белсенділігін күшейте түсуде, Ауғанстандағы антитеррорлық операциялар барысында олардың негізгі ошағының күйреуінен кейін аман қалған Өзбекстанның Ислам қозғалысының әскери құрылымдарын қайтадан топтау жүріп жатыр.

"Экономикалық және әлеуметтік қиындықтарды пайдаланған радикалдық ислам партиялары аймақтағы елдерде өзінің іс-қызметін кеңейте түсуде, олардың стратегиялық мақсаттары Орталық Азия елдерінде зайырлылық режимін күретіп, Ферғана аңғарындағы халифат үлгісінде теократиялық құрылымды құруды көздеуде",- деп атап көрсетті Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымының бас хатшысы. "Ал бұл - аймақтағы барлық геосаяси ахуалдың тұрақсындануы туралы айтпағанның өзінде үш мемлекеттің, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның аумақтық тұтастығына төнген қауіп",- деп қосты ол.

Н. Бордюжа атап көрсеткендей, есірткі қатері де аймақ үшін проблема болып қала бермек, себебі қылмыс әлемі аймақты Ауғанстаннан ТМД елдеріне, одан әрі Еуропаға есірткі тасымалдаудың негізгі транзиттік дәлізі ретінде қарастырады.

"Аймаққа қауіп төндіретін жалпы көріністі шекараралық қылмыстар, халықтық жаппай қырып-жоятын қару мен билогиялық лаңкестіктің белең алу қаупі, сонымен қатар күрделі табиғи және техногендік апаттар саның арта түсуіне қатысты болжамдар толықтыра түседі",- деп атап өтті Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымының бас хатшысы.

Н. Бордюжа "ауған проблемасына" жеке тоқталды. Оның пайымдауынша, Ауғаныстанда жүргізіліп жатқан "Неустрашимая сила" іс-шарасы "айтарлықтай тоқырап тұр".

"Талибан" қозғалысы өзінің ұстанымын ауған аумағында қалпына келтіруде, ал коалициялық күштердің айқын әлсірей түсуі салдарынан шекаралас мемлекеттер кез-келген сәтте тәлібтердің агрессиясымен бетпе-бет келіп қаоу қаупі бар",- деп мәлімдеді ұйым басшысы.

Оның пікірінше, өңір үшін "шетелдерден келетін" тәуекелдер де жоқ емес. Бордюжа бұған Солтүстік Атлантикалық Альянс, Еуропалық Одақ секілді аймақтықтан ауқымды құрылымдар мен үшінші елдердің белсенділігінің артуын қамтыды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны