22.05.2007, 18:25 3000

Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауының пропорционал жүйесіне көшуді қолдайды

АСТАНА. 22-мамыр. Kazakhstan Today. Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауының пропорционал жүйесіне көшуді қолдайды. Бүгін "Қазақстанды демократияландырудың жаңаша кезеңі - еркін демократиялық қоғамды қарқынды дамыту" тақырыбындағы "дөңгелек үстел" барысында Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Пропорционал жүйеге көшу, біздіңше, партиялардың пропорционал өкілдігі арқылы халықтың кез-келген тобының мүдделерін ескеруге мүмкіндік береді",- деді В.Фоос.

"Біз депутат бір мандатты округ бойынша сайланған кезде кем дегенде 50 процент +1 дауыс жинау қажет екендігі жөніндегі көптеген ескертулер алдық және оны білеміз. Сөйтіп, осы 50 проценттің сыртындағы сайлаушылардың мүддесі, әлбетте, өкілетті органда ескерілмей қалатын. Ендігі жерде осындай жағдай өзгереді",- деді ол.

Сонымен бірге, В.Фоостың пікірінше, сайлаудың пропорционал жүйесі кезінде "лас технологияларды пайдалану мүмкіндіктері азаяды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны