11.06.2010, 11:47 2310

Ош қаласы мен Қырғызстанның оңтүстігіндегі бірқатар елді-мекендерде төтенше жағдай енгізілді

Төтенше жағдайлар режімі 11 маусымның 02.00 енгізілді. Төтенше жағдай 20-маусымға дейін созылады.

Бішкек. 11-маусым. Kazakhstan Today - Ош қаласы мен Қырғызстанның оңтүстігіндегі бірқатар елді-мекендерде төтенше жағдай енгізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ҚР уақытша үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше жағдай Ош және Үзген қалаларында, сонымен қатар Ош облысының Қарасу және Араван аудандарында төтенше жағдай режімі енгізіген. Қырғызстанның уақытша үкіеті мұндай шешімді маусымның 10-нан 11-не қараған түні елдің оңтүстігіндегі ахуалға байланысты өткен жедел отырысында қабылдаған.

Төтенше жағдайлар режімі 11 маусымның 02.00 енгізілді. Төтенше жағдай 20-маусымға дейін созылады.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ош қаласында маусымның 10-нан 11-не қараған түні орын алған тәртіпсіздік кезінде кемінде 4 адам қайтыс болып, 40 адам жара/қат алған. Қоғамдық тәртіпті бұзуға қатысты деген күдікпен 5 адам ұсталған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны