26.06.2008, 17:59 2953

Өскеменде халықаралық Қазақстан - Ресей - Жапония конференциясының қорытындысы шығарылды

Өскеменде халықаралық Қазақстан - Ресей - Жапония конференциясының қорытындысы шығарылды

Өскемен. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Өскеменде "Материал басқару және нанотехнология үшін перспективалық технологиялар, құралдар және аналитикалық жүйелер" атты халықаралық Қазақстан - Ресей - Жапония конференциясының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Конференция соңында қатысушылардың білім беру, ғылым, инновация, кәсіпкерлік және өндірістік қызметтердегі ынтымақтастықты дамыту жөніндегі ниет меморандумдарына қол қойылды. Нано жобаларды тиімді жүзеге асыру үшін Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің негізінде Жапонияның JEOL және Interactive Corporation фирмаларымен бірлесе отырып электронды микроскопия және нанотехнология жөніндегі оқу-тәжірибелік және сервистік орталығын құру туралы шешім қабылданды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жүргізіліп жатқан зерттеулердің тиімділігі үшін қазірдің өзінде нанотехнологияның бүгінгі деңгейінде жұмыс істеуге қабілетті біліктілігі жоғары мамандар тартылуда және дайындалуда. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің қызметкерлерін Токиодағы хайтек-индустрия саласындағы әлемдік көшбасшы жапон фирмаларының қызметімен таныстыру дайындықтың бірінші сатысы болды.

Конференция жұмысына Жапония, Германия, Израиль, Оңтүстік Корея, Ресей, Беларусь, Украина, Қырғызстан мен Қазақстанның жүзден астам жетекші ғалымдары мен бизнес өкілдері қатысты. Конференция аясында ғалымдар Жапонияның жетекші компанияларының қатысуымен өткен "Наноиндустрия: құрал - технология - өнім" көрмесін тамашалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны