03.07.2006, 14:17 3211

Өзбекстан президенті биыл елімізге сапармен келеді

АСТАНА. 3-шілде. Kazakhstan Today. Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов биыл елімізге сапармен келетінін растады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі.

Өткен аптаның ортасында Ташкентте Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Асқар Мырзахметов Ислам Кәрімовке сенім хатын табыс етті.

“Рәсімнен кейін болған сұхбат барысында қазақ-өзбек қарым-қатынасының қазіргі ахуалы мен келешегі, 2006-жылғы наурыз айында Н.Назарбаевтың Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан президенттері қол жеткізген уағдаластық аясындағы тапсырмаларды жүзеге асырудың маңызы туралы сөз қозғалды”,- делінген хабарламада.

“Сонымен бірге бұған дейін қол қойылған және қазір жобасы жасалып жатқан құжаттардың, соның ішінде, екі ел арасындағы 2006-2010-жылдарға арналған сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бағдарламасының уақытын тапқандығы атап көрсетілді”.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, А.Мырзахметов Қазақстанның Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып сәуір айында тағайындалды. Бұған дейін аталмыш елшілікті Тілеухан Қабдырахманов басқарған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны