16.06.2010, 14:27 2582

Өзбекстан президенті Қырғызстан аумағына бір де бір әскери адам жіберілмейді деген уәдесін орындады - Отунбаева

"Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов Қырғызстан аумағына бір де бір әскери адам жіберілмейді деген уәдесін орындады",- деді Р. Отунбаева.

Алматы. 16-маусым. Kazakhstan Today - Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов Қырғызстан аумағына бір де бір әскери адам жіберілмейді деген уәдесін орындады. Бұл туралы Бішкек тұрғындарымен кездесу барысында уақытша президент Роза Отунбаева мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов Қырғызстан аумағына бір де бір әскери адам жіберілмейді деген уәдесін орындады",- деді Р. Отунбаева.

Оның айтуынша, шекараға жаппай ауған өзбектілді халыққа көмекке келмек болған топыт тек осындай ерікті шешім ғана тоқтатып отыр. "Егер мұндай шешім болмаса, соғыс ұлттар арасында емес, екі ел арасында басталып кетуі мүмкін еді",- деп санайды Р. Отунбаева.

Ол Өзбекстанның шекараны бір жақты тәртіппен ашқандығын атап өтті. "Өкінішке орай біз өз азаматтарымызды қорғай алмадық, сондықтан да олар көмек сұрап қашуға мәжүбір. Бірақ біз олардың көбі уақыт өте қайтып келетіндігіне сенімдіміз. Біз оларға жағдай жасау үшін бар күшімізді саламыз",- деді Р. Отунбаева.

Қырғызстанда 16-маусым елдің оңтүстік аймақтарында қаза болғандарды еске алып, Қаралы күн деп жарияланды. Бүкіл республика бойынша мемлекеттік тулар түсірілді.

Естеріңізге сала кетсек, Қырғызстанда маусымның 10-нан 11-не қараған түні қырғыздар мен өзбектер арасында ұлтаралық қақтығыстар туындаған болатын. Осыған байланысты Ош және Жалал-Абад облыстарында төтенше жағдай енгізілген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны