04.09.2006, 13:45 3033

Өзбекстан президентінің елімізге мемлекеттік сапары аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды

АСТАНА. 4-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бүгін Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтың елімізге мемлекеттік сапары аясында жоғары деңгейдегі келіссөздердің қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. Атап айтсақ, екі мемлекет басшысының бірлескен мәлімдемесіне, екі ел президенттерінің басқаруымен жұмыс істейтін мемлекетаралық үйлестіру кеңесі жөніндегі ережеге...

АСТАНА. 4-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бүгін Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтың елімізге мемлекеттік сапары аясында жоғары деңгейдегі келіссөздердің қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Атап айтсақ, екі мемлекет басшысының бірлескен мәлімдемесіне, екі ел президенттерінің басқаруымен жұмыс істейтін мемлекетаралық үйлестіру кеңесі жөніндегі ережеге, Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы 2006-2010-жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы мен оны жүзеге асыру шараларының жоспарына, екі ел үкіметі арасындағы құпия ақпаратты қорғау туралы келісімге, Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттері туралы келісімге қосымша хаттамаға, мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық жөніндегі 2006-2008-жылдарға арналған бағдарлама мен шаралар жоспарына, екі елдің қорғаныс министрліктері арасындағы мемлкеттік әуе кемелерінің ұшу сапарларының қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, Өзбектуризм ұлттық компаниясы мен Қазақстанның туризм және спорт министрлігі арасындағы туризм саласындағы келісім мен екі елдің сауда-өнеркәсіп палаталары арасындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.

2006-жылдың алғашқы жартысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 293,4 млн. долларды құрап, өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 27,3 процентке артты. Ал былтыр 2004-жылғы осы мерзіммен салыстыранда тауар айналымы 21,3 процентке артып, 516,4 млн. долларды, соның ішінде Қазақстанға шығарылған экспорт 247 млн. долларды, Қазақстаннан импорталған тауар көлемі 269,5 млн. долларды құрады.

Қазақстаннан Өзбекстанға негізінен азық-түлік тауарлары, қуат көздері, қара және түсті металл, химиялық өнімлер мен пластмассалар экспортталады. Қазақстанға қуат көздері, қара және түсті металл, машина және жабдықтар, химиялық өнімдер мен пластмассалар, азық-түлік тауарлары мен мақта талшықтары шығарылады.

Қазақстанда өзбек капиталының қатысуымен құрылған 86 бірлескен кәсіпорын тіркелген, олар сауда-саттық, азық-түлік және фармацевтика өнеркәсібі, құрылыс материалдары, минералдытыңайтқыштар, жиҺаз, әйнек бұйымдар жасайтын және мақта мен ағаш өңдейтін кәсіпорындар.

Қазақстанның 73 компаниясы Өзбекстан нарығында жұмыс істейді. Соның ішінде сауда-саттық, құрылыс, азық-түлік, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп және металл өңдеу саласындағы 48 бірлескен кәсіпорын бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны