14.03.2007, 16:44 3055

Өзбекстанның шұғыл әрекет етуші ұжымдық күштерге атсалысуы уақыттың еншісіндегі іс

АСТАНА. 14-наурыз. Kazakhstan Today. Өзбекстанның Орталық Азия аймағындағы шұғыл әрекет етуші ұжымдық күштерге атсалысуы уақыттың еншісіндегі іс, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазір Өзбекстан шұғыл әрекет етуші ұжымдық күштердің құрамына қандай күш-құралдарын бөлетіндігі туралы мәселе қаралуда. Бірақ ол үшін республика аталмыш мәселе бойынша алты елдің президенттері бұрын қабылдаған құжаттарды бекіту процедурасын жүзеге асыруға тиіс",- деді бүгін Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымы бас хатшысының орынбасары Валерий Семериков Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымының әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының үшінші отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.

В.Семериковтың айтуынша, қазір Орталық Азия аймағындағы шұғыл әрекет етуші ұжымдық күштердің құрамына он батальон кіреді, соның ішінде Қазақстаннан үш, Ресейден екі, Тәжікстаннан үш, Қырғызстаннан Канттағы авиациялық базаны қосқанда екі батальон кіреді.

"Егер Өзбекстан Орталық Азия аймағы елдеріне (сондай-ақ, Армения мен Беларусьқа) өзінің әскери мақсаттағы өнімдерінен ұсынатыны бар болса, онда оларды толық негізде және толық құқықпен сата алады",- деді В.Семериков.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 1998-жылы Өзбекстан Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымының шеңберіндегі белсенді іс-әрекеттерін тоқтата тұруға шешім қабылдады. Бірақ ол 1992-жылдың мамыр айында қол қойылған Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімнен біржола шығып кеткен жоқ. 2006-жылдың маусым айында Өзбекстан ұйымының шеңберіндегі белсенді іс-әрекеттеріне жарияланған мораторийді алатынын жариялады. ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің мемлекет басшыларының Сочиде өткен бейресми саммитінде Өзбекстанды Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымына қабылдау туралы құжаттарға қол қойылды. Бұл ұйымға қазір сондай-ақ Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мүше.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны