20.12.2006, 18:07 3301

Пекинде Қазақстан-Қытайаралық он құжатқа қол қойылды

АСТАНА. 20-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоның Пекинде бүгін өткен келіссөздерінің қорытындысы бойынша екі жақты он құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, Нұрсұлтан Назарбаев пен Ху Цзиньтао Қазақстан мен Қытай арасындағы ХХІ ғасырдағы ынтымақтастық стратегиясы мен екі жақты экономикалық ынтымақтастықты дамыту тұжырымдамасына қол қойды.

Екі мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасындағы режим туралы келісімге, білім игергендігі туралы құжаттар мен ғылыми атақ-дәрежелер жөніндегі құжаттарды мойындау және олардың эквиваленттігі туралы үкіметаралық келісімдерге, сондай-ақ, Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы арқылы құбырмен жіберілетін энергиялық ресурстарды кедендік қадағалау жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қойылды. Сонымен бірге мұрағат ісі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге, негізгі трансшекаралық өзендердегі шекаралық гидробекеттер арасында өзара гидрологиялық ақпараттармен алмасу жөніндегі, трансшекаралық өзендерде ғылыми-зерттеу саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісімдерге қол қойылды.

Бұған қоса тараптар "Қорғас" халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының іс-қызметін реттеу туралы 2005-жылғы 4-шілдедегі үкіметаралық келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттамаға қол қойып, Қазақстан мен Қытайдың темір жолын Қазақстанға қарасты Қорғас және Қытайға қарасты Хоргос арқылы қосу жөніндегі ниет меморандумын қабылдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны