22.01.2007, 17:05 3091

Пекинде Шанхай ынтымақтастығы ұйымының ұлттық үйлестірушілері кеңесінің отырысы өтеді

АСТАНА. 22-қаңтар. Kazakhstan Today. Пекинде Шанхай ынтымақтастығы ұйымының ұлттық үйлестірушілері кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар еткеніндей, ұйымға мүше елдер өкілдерінің отырысы 22-25-қаңтарда өтеді.

"Кездесу барысында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мемлекет басшыларының Бішкекте өтетін саммиті мен қауіпсіздік кеңесі хатшыларының отырысына дайындық, сондай-ақ, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының шеңберіндегі басқа да өзекті ықпалдастық мәселелері төңірегінде пікір алмасылады",- деді СІМ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны