18.05.2012, 16:53 3277

Пентагон Қытайды экономикалық тыңшылық жасады деп айыптады

Пентагон үлкен баяндама жасап, онда экономикалық және технологиялық тыңшылық жасағаны үшін Қытайды айыптап отыр, сондай-ақ Азия елдерінің өз әскери қуатын нығайтып жатқандығына алаңдаушылық білдірді.

Астана. 18-мамыр. Kazakhstan Today - Пентагон Қытайды экономикалық тыңшылық жасады деп айыптады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Пентагон үлкен баяндама жасап, онда экономикалық және технологиялық тыңшылық жасағаны үшін Қытайды айыптап отыр, сондай-ақ Азия елдерінің өз әскери қуатын нығайтып жатқандығына алаңдаушылық білдірді.

ВВС Орыс қызметінің мәліметтеріне сәйкес, АҚШ мәліметтеріне сенсек, Қытай былтыр әскери күшін жаңғырту үшін шамамен 180 миллиард доллар жұмсаған, алайда Пекин осы мақсатқа жұмсалған соманы әлдеқайда кішірейтіп жариялапты.

Баяндама авторларының сендіруінше, Қытай соңғы уақыттары экономикалық тыңшылықпен басқаларға қарағанды белсендірек айналысуда.

"Қытайдың АҚШ-тың экономикалық және ақпараттық технологиясын жылдам игеріп алуға асығуы елдің экономикалық қауіпсіздігіне төніп тұрған қатерді одан бетер ұлғайта түсуде", - делінген баяндамада.

Сонымен қатар, Пентагон атап көрсеткендей, Қытай азаматтық технологияны әскери жаңғырту саласында пайдалану қажеттігін ашық түрде мойындап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны