30.11.2006, 15:51 5920

Президенттің Брюссельге сапары барысында Қазақстанның ядролық отынын Еуропалық Одақ елдеріне сатуға мүмкіндік беретін құжаттарға қол қойылады- ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі

АСТАНА. 30-қараша. Kazakhstan Today. Президенттің Брюссельге сапары барысында Қазақстанның ядролық отынын Еуропалық Одақ елдеріне сатуға мүмкіндік беретін құжаттарға, соның ішінде энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойылады. Бұл туралы еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов бүгін журналистерге берген сұхбатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Нұрсұлтан Назарбаевтың Брюссельге сапары кезінде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, сондай-ақ, атомды бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі меморандумға қол қойылады",- деді Б.Ізмұхамбетов.

Оның айтуынша, әлемдік қордың 20 процентінен асатын уран кеніне ие Қазақстан тек уранды өндірумен ғана шектелмей, сонымен бірге оны байытып, АЭС-ына арналған ядролық отын түрінде қосалқы құны жоғары өнім шығаруға да ниет білдіруде.

"Қазір біз осындай "таблеткаларды" Ресейдің Атом электр станцияларына арнап шығарамыз. Ал болашақта оны басқа елдерге де сатпақшымыз" ,- деді министр.

"Президенттің сапары кезінде қол қойылады деп межеленген меморандумда дәл осы бағытта ЕО елдерімен келешекте ынтымақтастық орнату мүмкіндігі қарастырылады",- деді Б.Ізмұхамбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны