12.05.2008, 15:58 2511

Ресей Федерациясының жаңа президентінің бірінші шетелдік сапарын Қазақстанға жасауы стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейін паш етеді - ҚР СІМ

Ресей Федерациясының жаңа президентінің бірінші шетелдік сапарын Қазақстанға жасауы стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейін паш етеді - ҚР СІМ

Астана. 12 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ресей Федерациясының жаңа президенті Дмитрий Медведевтің бірінші шетелдік сапарын Қазақстанға жасауы стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейін паш етеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"Дмитрий Медведевтің Ресей Федерациясының президенті ретінде бірінші шетелдік сапарын Қазақстанға жасауы стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейін паш ететін дерек", - деді Е. Ашықбаев.

Ол Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведевтің 22-23 мамырда Астанаға мемлекеттік сапар жасайтынын еске салды.

Сапар барысында екі жақты ынтымақтастыққа қатысты кең көлемді мәселелер топтамасы талқыланып, бірқатар өзекті халықаралық проблемалар бойынша пікір алмасылады.

2007 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы $16,3 млрд құрап, көрсеткіш 2006 жылғымен салыстырғанда 27% өскен. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан мен РФ арасындағы тауар айналымы $4,13 млрд жетті, бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 26% жоғары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны