12.09.2007, 18:08 3050

Ресей үкіметі отставкаға кетті

Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, сәрсенбі күні Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде үкімет басшысы Михаил Фрадков мемлекет басшысына министрлер кабинетін отставкаға жіберу жөнінде өтініш жасады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 12 қыркүйек. АЛМАТЫ. Ресей Федерациясының үкіметі отставкаға кетті, деп хабарлайды агенттік Ресей БАҚ-тарына сілтеме жасап.

Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, сәрсенбі күні Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде үкімет басшысы Михаил Фрадков мемлекет басшысына министрлер кабинетін отставкаға жіберу жөнінде өтініш жасады.

Өз өтінішін ол елде жақындап келе жатқан ірі саяси оқиғалармен және Ресей президентіне кадр мәселесінен бастап барлық толғақты мәселелер бойынша шешім шығаруда толық еркіндік беруге деген талпыныспен байланыстырған. Бұған жауап ретінде В. Путин былай деді : "расында да еліміз қазір парламент сайлауының қарсаңында тұр, ол біртіндеп президенттік сайлауға ұласады. Мүмкін сіздің қадамыңыз дұрыс та шығар, біз бәріміз бірлесе отырып, билік пен басқару жүйесін сайлау алдындағы кезеңге сәйкестендіру жайын, елімізді парламент сайлауынан кейінгі және 2008-жылғы наурызда өтетін президент сайлауынан кейінгі кезеңге қалай дайындау қажеттігін ойластыруға тиіспіз".

РФ президенті үкіметтің отставкаға кетуін мақұлдады. Осы орайда ол үкіметті 2004-жылдан бері басқарған М. Фрадковқа жұмыстағы нәтижелері үшін алғыс айтып, одан жаңа премьердің кандидатурасын Мемлекеттік дума мақұлдағанға дейін үкімет басшысы міндетін атқара беруді сұрады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны