25.02.2010, 18:09 3488

Ресей ҰҚШҰ шеңберіндегі одақтастарын ядролық қару қолдана отырып болса да, қорғауға дайын - Бордюжа

Ресей ҰҚШҰ шеңберіндегі одақтастарын ядролық қару қолдана отырып болса да, қорғауға дайын - Бордюжа

Алматы. 25 ақпан. Kazakhstan Today - Ресей Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының шеңберіндегі одақтастарын ядролық қару қолдана отырып болса да, қорғауға дайын. Бұл туралы ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Вести.Ru"-ға сілтеме жасап.

"РФ-ның жаңа әскери доктринасы өте қызғылықты, және ең бастысы, ол - заманауи. Мен үшін аса маңыздысы сол, бұл доктринада Ресейдің ҰҚШҰ бойынша одақтас ретіндегі міндеттемелері өте айқын көрсетілген. Онда осы тектес құжаттарда бұған дейін болмаған бірнеше принциптік ережелер бар. Онда Ресей Федерациясы өз одақтастарына қатысты ядролық зонтигін ашады деп айқын көрсетілген, соның ішінде ядролық қару қолдана отырып қорғай алады", - деді Н. Бордюжа.

Сондай-ақ, оның айтуынша, жаңа доктринада көрсетілгендей, Ресей ҰҚШҰ аясында жасақталатын және бұрын жасақталған барлық ұжымдық күштерге контингент бөледі. Және, ең бастысы, Ресей жаңа доктринаға сәйкес, өзінің қарулы күштерін басқа одақтас мемлекеттерге осы мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық біртұтастығын қорғау үшін бағыттай алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны