27.09.2011, 16:00 4249

Ресейдің қаржы министрі Алексей Кудрин отставкаға кетті

РФ Президенті Дмитрий Медведев пен Қаржы министрі Алексей Кудриннің арасындағы экономиканы жаңарту жөніндегі комиссия отырысының барысындағы салғыласу соңғысының отставкаға кетуімен аяқталды.

Астана. 27-қыркүйек. Kazakhstan Today - Ресейдің қаржы министрі Алексей Кудрин отставкаға кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, РФ Президенті Дмитрий Медведев пен Қаржы министрі Алексей Кудриннің арасындағы экономиканы жаңарту жөніндегі комиссия отырысының барысындағы салғыласу соңғысының отставкаға кетуімен аяқталды.

Қаржы министрінің жұмысынан кететіні туралы ақпарат 19.45-те кеште пайда болды. "Президент Вице-премьер-Қаржы министрі Алексей Кудриннің отставкасы туралы жарлыққа қол қойды. Министрдің өзі мұндай өтініш берген жоқ. Президент Премьер-министрдің ұсынысы бойынша қолданыстағы рәсімге сәйкес осындай шешім шығарды" - деді бұқаралық ақпарат құралдарына Президенттің баспасөз хатшысы Наталья Тимакова.

Жағдай А.Кудриннің Вашингтонда болашақта Д.Медведев басқаратын үкіметте жұмыс жасамайтынын айтқан мәлімдемесінен кейін шиеленісті. Оның айтуынша, экономикалық саясат бойынша олардың арасында алауыздық туындаған.

Экономиканы жаңарту жөніндегі комиссия отырысы барысында Д.Медведев А.Кудринге сол күні отсатвкаға кетуге ұсыныс жасаған, егер ол мемлекет басшысымен келіспесе, бұған дейінгі айтқан мәлімдемесінен бас тартуын және түсініктеме беруін талап еткен. А.Кудрин шешім қабылдау үшін Премьер-министр В.Путинмен кеңесетінін айтқан.

А.Кудрин Қаржы министрі қызметінде 11 жыл 4 ай жұмыс істеді. Ол экономика мәселелеріндегі білікті маман және елдің қаржы нарығындағы елеулі тұлға болып саналады. Ол консервативтік бюджет саясатын ұстанады және мемлекеттік шығындарды үнемдеуді жақтайды. Сонымен бірге ол В.Путиннің жақын досы және серігі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны