21.03.2007, 15:21 3333

Республика үкімет басшысы мен Словакия сыртқы істер министрі екі жақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту перспективаларын талқылады

АСТАНА. 21-наурыз. Kazakhstan Today. Бүгін үкімет үйінде ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Словакия Республикасының сыртқы істер министрі Ян Кубишті қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында әңгімелесушілер әр түрлі ынтымақтастық саласындағы екі жақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

"Қазақстанға менің сапарымның мақсаты осы заманғы словакиялық дипломатияның негізгі міндеттерін - сыртқы саясаттағы экономикалауды тек қана мемлекеттік органдар деңгейінде емес, сондай-ақ парламенттік дипломатияны дамыту, Словакия мен Қазақстанның кейбір өңірлерінің ынтымақтастығы үшін жағдай туғызу болып табылады", - деді Я. Кубиш.

Үкімет басшысы К. Мәсімовтың айтуынша, Қазақстан Словакия экономикасына инвестиция салуға қызығушылық танытып отыр.

"Сіздің сапарыңыз,- деді үкімет басшысы Я. Кубишпен әңгімесінде, - сөз жоқ, қазақстандық-словакиялық екі жақты қатынастарды дамытуға тың серпін береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны