15.06.2007, 16:15 2912

РФ Ембі полигонын пайдалану және жалға беру шарттары туралы Ресей мен Қазақстан арасындағы келісімді бекітті (толықтырылған нұсқа)

МИСКЕУ. 15-маусым. Kazakhstan Today. РФ президенті Владимир Путин "Ембі полигонын пайдалану және жалға алу шарттары туралы 1995-жылғы 20-қаңтардағы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының үкіметтері арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттаманы бекіту туралы" Федералдық заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.
Хаттама көмегімен аталған келісімге полигонның жұиыс істеуі мен сынақ жүргізудің жаңа шарттарына, жер телімдерін онда орналасқан жылжымалы және жылжымайтын мүліктермен жалға беру және оларды падаланғаны үшін төлем төлеу ретіне қатысты, сонымен қатар жер телімдерінің жаңа координаттары мен ҚР жалға алып отырған нысандар мен мүліктердің жаңа тізіміне қатысты өзгерулер енгізіледі.

Хаттаманың ережелерімен қару-жарақ пен әскери техникалардың жаңа үлгілеріне сынақ жүргізу барысында Ембі полигонының жер телімдері мен ауа кеңістігін Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресейдің Қорғаныс министрлігінің 929-шы Мемлекеттік жазғы-сынақ орталығының мүддесіне пайдалануға рұқсат беріледі, сонымен қатар, осы полигонның әскери құрылымының мәртебесін анықтау тәртібі нақтыланады.

Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ембі полигонының әскери бөлімшелері ұйымдастыру-штаттық тәртіпте 4-ші Мемлекеттік орталық түраралық полигонына оның құрылымдық бөлімшесі ретінде қосылған. Жүргізілген ұйымдастырушылық-штаттық шаралардан кейін аталмыш полигонда сынақ жұмыстарын қамтамасыз ететін 5580-ші база құрылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны