16.08.2006, 16:56 2736

РФ президенті ЕурАЗЭҚ жетекшілеріне интеграциялық процестерді талқылауды ұсынды

АЛМАТЫ. 16-тамыз. Kazakhstan Today. РФ президенті Владимир Путин ЕурАЗЭҚ жетекшілеріне интеграциялық процестерді, соның ішінде Біртұтас экономикалық кеңістік пен Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту жоспарларын талқылауды ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Сочи қаласында ЕурАзЭҚ жетекшілерінің бейресми кездесуін ашқан Ресей президенті : "ЕурАзЭҚ аясындағы интеграцияны Кедендік одақ құруға дейін тереңдету ниетіміз Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту қарқынымен және әрбір елге қатысты осы құбылыстың сапасымен нақты әрі ашық сабақтасуға тиіс",- деп атап өтті.

Ол сондай-ақ ЕурАзЭҚ-тың Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымымен ықпалдастығын тереңдету мәселесіне назар аударуды ұсынды.

Бұдан кейін отырыс жабық жағдайда жалғасты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны