30.11.2006, 17:16 6484

РФ Сыртқы істер министрлігі ШЫҰ энергетикалық клубын құру жобасына кірісті

АЛМАТЫ. 30 қараша. Kazakhstan Today. Ресейдің сыртқы істер министрлігі Шанхай Ынтымақтастық ұйымының энергетикалық клубының жобасын жасауға кірісті.

Бұл туралы бүгін Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне "ШЫҰ: нәтижелер мен жоспарлар" халықаралық конференциясы аясында өткен сұхбатта РФ сыртқы істер министрлігінің қарамағындағы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының Шығыс Азия мен ШЫҰ -ын зерттеу орталығының директоры Александр Лукин мәлімдеді.

"Клубтың нақты қандай болатыны туралы әлі айта алмаймыз. Ресейдің сыртқы істер министрлігі бұл ұйымды құруға дайындық үстінде",-деп түсініктеме берді А.Лукин.

Ал ҚР СІМ вице-министрі Қайрат Ибдірахмановтың айтуынша, "ШЫҰ энергетикалық клубын құру маңызды ұсыныс болғандықтан, бұл мәселе талқыға түсіп жатыр, әрі оның жүзеге асуын жоққа шығармаймыз",-деді.

"Бүгінгі таңда энергетика саласына байланысты келіссөздер көптеген мемлекеттердің, соның қатарында ШЫҰ мүше елдердің сыртқы саясатындағы басым бағыттардың қатарында. Оның пікірінше, алдымен энергетика нарығындағы ірі көлемдегі ынтымақтастықты дамыту жолында энергетикалық дипломатия оң бағытта болуы тиіс. Бұл миниралдық ресурстар мен электр қуатына да тән болмақ.

"Менің ойымша, халықаралық немесе аймақтық деңгейдегі ынтымақтастыққа ықпал ете алатындай қорлары бар мемлекеттер бұл мүмкіндігін кері пайдаланбауы тиіс",-деп атап өтті вице-министр. Осыған байланысты Қ.Ибдірахманов энергетикалық клубтың басты мақсаты "энергетикалық ынтымақтастықтың басты бағыттарын анықтау" деп баса айтты.

Сонымен қатар, СІМ орынбасарының пікірінше, "бұл ынтымақтастық энергетикалық интеграция мен экономикалық ынтымақтастыққа ықпал ете отырып, әлемдік шаруашылық байланыстарды кең көлемді дамытуға кедергі келтірмеуге тиіс".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны