10.09.2007, 17:05 2762

Римде Қазақстанның қатысуымен "Орталық Азия: Италияның рөлі және еуропалық перспектива" атты халықаралық конференция өтуде

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 10 қыркүйек. АСТАНА. Бүгін Римде "Орталық Азия: Италияның рөлі және еуропалық перспектива" атты халықаралық конференция ашылды, оған елімізден де өкілдер қатысуда. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" тілшісі.

Е.Ашықбаевтың айтуынша, аталған конференцияға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев қатысуда".

Іс-шара бағдарламасына сәйкес Орталық Азияның геосаяси маңыздылығы, оның экономикалық дамуы, аймақтық қауіпсіздік, энергетикалық ынтымақтастық және басқа да ортақ тақырыптарды талқылау жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны