25.08.2011, 19:20 4595

Samsung Қазақстанның автожол саласындағы жобаларына және көліктік-логистикалық жүйесін қалыптастыруға қатысады

Бұл келісім бойынша ақпараттық технологияларды дамыту саласында жетістіктерімен кең танымал Оңтүстік Корея компаниясының автожол саласындағы жобаларға, жалпы Қазақстанның көліктік-логистикалық жүйесін қалыптастыруға қатысу көзделуде.

2011 жылғы 25 тамызда Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бактың Қазақстан Республикасына ресми сапары мен Астана қаласында өткізіліп жатқан қазақстан-корей бизнес-форумы шеңберінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев және "Samsung SDS Co., Ltd" Халықаралық Бизнес құрылымының вице-президенті Ким Ёнгсу арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агеттігі ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бұл келісім бойынша ақпараттық технологияларды дамыту саласында жетістіктерімен кең танымал Оңтүстік Корея компаниясының автожол саласындағы жобаларға, жалпы Қазақстанның көліктік-логистикалық жүйесін қалыптастыруға қатысу көзделуде.

Атап айтқанда, арадағы ынтымақтастық көлік дәліздерін тиімді дамытуға, Қазақстанның транзиттік әлеуетін кеңінен іске асыруға, көлік ағындарын басқаруға бағытталған инновациялық жобаларды жасауда өзара әрекет ету саласын қамтиды. Сондай-ақ, бұл келісім көліктік технологияларды жетілдіру, көліктік деректік базаны құру мен пайдалануға беруге қатысты, соның ішінде, көлік қозғалысын халықаралық көліктік қатынасы кезінде шекарадан өту үрдісін жеңілдету мақсатында халықаралық тасымалдауларда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, сонымен бірге, жедел көліктік дәліздерді құруға қолдау көрсетуге де қатысы бар.

Мұнымен қатар, меморандумның ережелері министрлік жүзеге асыратын белгілі бір инфрақұрылымдық жобаларға арналған ақпараттық технологиялар мен заманауи жабдықтар саласында біріккен конференциялар, жұмыс жиналыстарын, семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру және тиімді стратегиялар мен аралас (мультимодальді) тасымалдаулар саласында ақпараттық технологиялар саласында адами ресурстарды дамыту бағдарламаларын жасауды қарастырады.

Алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін консультативті кеңес құру жоспарлануда. Меморандум 3 жылға арналып жасалды. Мерзімі өткен соң қажетінше ұзартылатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны