16.04.2012, 14:13 3316

"Самұрық-Қазына" мен "Multistrada" компаниясы Қазақстан аумағында шиналар өндіру туралы келісімшартқа қол қойды

Аталмыш келісім 12 сәуірдеМемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Индонезияға сапары шеңберінде екі ел іскер топтарының кездесуінде жасалды.

Астана. 16-сәуір. Kazakhstan Today - "Самұрық-Қазына" мен "Multistrada" компаниясы Қазақстан аумағында шиналар өндірісі мен оларды шығаруды жолға қою туралы келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, аталмыш келісім 12 сәуірдеМемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Индонезияға сапары шеңберінде екі ел іскер топтарының кездесуінде жасалды.

Бұл туралы бүгін "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ-ның баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан тарапынан "Самұрық-Қазына" АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары Қ. Бишімбаев болған іс-шараға 20 астам қазақстандық және 30 астам индонезиялық мемлекеттік органның, компания мен кәсіпорынның өкілдері қатысты. Кездесу барысында іскерлік ынтымақтастықтың мүмкіндіктері мен перспективалары таныстырылды.

Бизнес-форумның соңында тараптар "В2В" форматында кездесулер өткізді.

Сонымен бірге, сапар шеңберінде өткізілген Индонезияның жетекші кәсіпорындары көрмесінің қорытындылары бойынша қазақстандық іскер топтар екі коммерциялық құжатқа қол қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны