26.11.2012, 17:33 2698

Санкт-Петербургте Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықтың (ЕурАзЭҚ) Интеграциялық комитетінің жанындағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Кеңестің екінші отырысы өтті

21-22 қарашада Санкт-Петербург қаласында Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың төрағалығымен Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықтың (ЕурАзЭҚ) Интеграциялық комитетінің жанындағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Кеңестің екінші отырысы өтті.

Астана. 26-қараша. Kazakhstan Today - Санкт-Петербург қаласында Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі Н.Қаппаровтың төрағалығымен Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықтың (ЕурАзЭҚ) Интеграциялық комитетінің жанындағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Кеңестің екінші отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

21-22 қарашада Санкт-Петербург қаласында Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың төрағалығымен Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықтың (ЕурАзЭҚ) Интеграциялық комитетінің жанындағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Кеңестің екінші отырысы өтті.

Кеңес отырысына, сондай-ақ, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан табиғатты қорғау ведомстволарының басшылары қатысты.

Отырысқа қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде Нұрлан Қаппаров Қазақстанның "жасыл" экономикаға өту жоспарлары туралы баяндады.

Кеңес мүшелері бұдан бұрын қабылданған шешімдердің орындалу барысын, көкейтесті экологиялық мәселелер мен ЕурАзЭҚ аясында қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.

Атап айтқанда, тараптар қоршаған ортаға мониторинг жүргізу, табиғи ортаны ластайтын шығарындылар көлемдерін қысқарту, Қауымдастыққа мүше мемлекеттердің халықаралық экологиялық стандарттарға өту бағытында өзара әрекеттесуге ниет білдірді.

Отырыс қорытындылары бойынша Кеңес мүшелері ЕурАзЭҚ-тың атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі Үйлестіру техникалық орталығын құруды ұйғарды. Жұмысын 2013 жылы бастайтын аталмыш орталықтың құзыретіне әдістемелік және нормативтік құжаттарды және ЕурАзЭҚ мүше елдердің әрқайсысы үшін бағдарламалы стратегиялық құжаттарды әзірлеу кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны