08.09.2006, 12:54 3171

Семейде Орталық Азия елдерінің өкілдері ядролық қарудан азат аймақ құру туралы келісімге қол қойды

СЕМЕЙ. 8-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бүгін Орталық Азиядағы бес елдің өкілдері Семейде ядролық қарудан азат аймақ құру туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Мәселен, Қазақстан жағынан құжатқа ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев, Қыргызстан жағынан СІМ Аликбек Джекшенкулов, Өзбекстан жағынан СІМ Владимир Норов қол қойды. Тәжікстан атынан осы елдің сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Саймумин Ятимов, Түрікменстан атынан осы елдің Қазақстандағы елшісі Мухамед Абалаков келісімге қол қойды.

"Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат жаңа аймақ бірқатар бірегей сипаттамаларымен ерекшеленеді. Біріншіден, бұл аймақта бұрын ядролық қаруға ие болған мемлекет бар, екіншіден, ядролық қарудан азат аймақ алғаш рет солтүстік жарты шарда құрылып отыр, үшіншіден, бұл келісім Орта Азиядағы барлық бес мемлекетті толық қамтитын, қауіпсіздік саласындағы бірінші көп жақты келісім болып табылады. Сондай-ақ, ядролық қарудан азат аймақ тұңғыш рет ядролық қаруы бар және жалпы аумағы 3 млн. 882 мың шаршы шақырымды құрайтын екі алып мемлекетпен ортақ ауқымды шекарасы бар аймақта құрылып отыр",- делінген бүгін ҚР СІМ таратқан хабарламада.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, келісімге қол қойған мемлекеттер Орталық Азияның аумағында ядролық қару, оның компоненттері немесе басқа да ядролық жарылғыш құрылғыларды өндіру, сатып алу және орналастыруға тыйым салу жөнінде міндеттеме жүктеп алады. Бірақ осы орайда ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалануға тыйым салынбайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны