25.08.2006, 14:38 2843

Семейде Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы келісімге қол қойылады

СЕМЕЙ. 25-тамыз. Kazakhstan Today. 2006-жылдың 8-қыркүйегінде Семейде форум өтіп, онда Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы келісімге қол қойылады. Бұл туралы бүгін қала әкімінің орынбасары Қанатжан Түлесбаев құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Оның айтуынша, Семейге АҚШ, Ұлыбритания, Монғолия, Тәжікстан, Қырғызстан және басқа да елдердің СІМ келмекші.

Құжатқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан өкілдері қол қояды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны