06.04.2009, 16:45 3285

Сенатта "ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге дайындық барысы және "ЕҚЫҰ үштігі" құрамында жұмыстың басталуы туралы" тақырыбына арналған үкіметтік сағат өтті

Сенатта "ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге дайындық барысы және "ЕҚЫҰ үштігі" құрамында жұмыстың басталуы туралы" тақырыбына арналған үкіметтік сағат өтті

Астана. 6 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Парламент сенатында бүгін халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің бастамасымен "ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге дайындық барысы және "ЕҚЫҰ үштігі" құрамында жұмыстың басталуы туралы" тақырыбына арналған үкіметтік сағат болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырысты аша келіп комитет төрағасы Қуаныш Сұлтанов халықаралық беделді ұйымға төрағалық етуі тек Қазақстан ғана емес, Орталық Азия аймағындағы жаңаруларға қосымша серпін берудің тамаша мүмкіндігі, деп атап өтті.

Сыртқы істер министрі М.Тәжин алдағы 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы біздің еліміздің жоғары лауазымдағы міндеттері туралы хабардар етті.

"Қазақстанның алдағы ұйымға төрағалық етуі тарихи әрі ерекше мәні бар. Біздің еліміз аймақтағы ең тұрақты мемлекет болып табылады, беделді, көрші мемлекеттермен өзара іс-қимыл ресурстары мен ықпалы бар. ЕҚЫҰ жұмыс істеген отыз жылда ұйымды ТМД елдерінің ұжымынан шыққан кандидат, Орталық Азия аймағы мен мұсылман әлемінің алғашқы өкілі басқаратын болды",- деді министр.

ЕҚЫҰ-ның бағдарларының бірі Батыс пен Шығыстың арасындағы өркениетаралық үнқатысуды дамыту екенін атап өткен министр бұл тұрғыда Қазақстан оның қызметіне алуан этникалық және конфессияаралық топтардың өзара толеранттық және келісімдік іс-қимылына негізделген табысты тәжірибе енгізетін болады, деді.

Алдағы қызметтің негізгі басымдықтарына тоқтала келіп М.Тәжин Қазақстан мен ЕҚЫҰ-на қатысушылардың ұлттық мүдделеріне жауап бере алатын мәселелерге: Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге, сенім шараларын бекемдеуге, қауіпсіздіктің әскери емес салаларына, оның ішінде террормен, есірткі тасымалымен, қару-жарақ саудасымен күресті дамытуға назар аударды.

Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің қатарында экологиялық қауіпсіздік, еуразиялық тасымал дәлізін дамыту, Ауғанстанды қалпына келтіру істері аталып өтілді.

Министр сондай-ақ "ЕҚЫҰ үштігі" жұмысы аясындағы Қазақстанның Еуропамен ынтымақтастығының келешегі туралы әңгімелеп, сенаторлардың сауалдарына жауап берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны