16.06.2009, 17:19 2939

Шанхай ынтымақтастығы ұйымы халықаралық басқаруда лайықты рөл атқара алады - Ахмадинежад

Шанхай ынтымақтастығы ұйымы халықаралық басқаруда лайықты рөл атқара алады - Ахмадинежад

Алматы. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Шанхай ынтымақтастығы ұйымы халықаралық басқаруда лайықты рөл атқара алады. Бұл туралы Иран президенті Махмуд Ахмадинежад бүгін Екатеринбург қаласында өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымы мемлекет басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Мұнай және газ секілді өлшеусіз табиғи ресурсқа, ұлы мәдениеттері мен ортақ құндылықтары, басқа да сан алуан артықша қабілеттері бар халықтардың адами ресурстарына ие бақытты мүмкіндікті иемденіп отырған Шанхай ынтымақтастығы ұйымы осы мүмкіндікті пайдалану арқылы экономикалық және саяси шиеленеістерді шешуде расында да көшбасшылық рөл атқара алады, халықаралық экономикалық және саяси құрылымды түзете келе барлық салаларда бірдей оңды әрі түбегейлі өзгерістерге жол аша, халықаралық басқаруда лайықты рөл атқара алады", -деді М. Ахмадинеджад.

Сонымен бірге, Иран президентінің пікірінше, "түбегейлі өзгерістер бұлтартпас қажеттілікке айналды". "Ирак бұрынғы қалпы оккупацияда қалып отыр, Ауғанстандағы тәртіпсіздіктер одан әрі күшейе, тарала түсуде, Палестина проблемасы әлі де шешімін тапқан жоқ, Америка экономикалық және саяси дағдарыстардың шырмауында қалды, және олар шешіледі деген үміт аз. АҚШ-пен одақтас елдер де бұл дағдарыстарды еңсере алу қабілетінен айрылып отыр. Халықаралық экономикалық саяси оқиғалар мен тәртіпсіздіктер халықаралық саяси экономикалық құрылымның өз позициясынан айрылып бара жатқанына дәлел. Біз қазіргі проблемалар дүниетанымдық себептерден туындап отыр деген сенімдеміз. Және қазіргі экономикалық құрылымға қатысты саясат өзінің әлемге жүргізген өктемдігінен айрылуға бетбұрды. Империялардың дәурені өткендігі және олардың ендігі жерде екінші қайта жанданбайтыны айдан анық", - деді М. Ахмадинеджад.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны