20.09.2006, 17:03 2904

Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің Жоғарғы соттары төрағаларының кездесуі Шанхайда өтеді

ДУШАНБЕ. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today. Шанхайда бүгін алғаш рет Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің Жоғарғы соттары төрағаларының кездесуі өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Тәжікстан Жоғарғы сотына сілтеме жасап.

Екі күнге созылатын кездесуде трансшекаралық қылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастық тетіктерін құру, әділет органдарының лаңкестік, экстремизм және сеператизмге ұйым шеңберінде қарсы тұру саласындағы ықпалдастығын нығайту жайы сөз болмақ.

Жоғарғы сот төрағалары бұған қоса сот органдарының әлеуметтік даму, тәртіп пен әділеттілікті қамтамасыз ету саласындағы ролін талқылайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны