14.06.2006, 13:05 2893

Шанхай ынтымақтастығы ұйымының саммиті аясында 2 млрд. доллардың ынтымақтастық туралы келісім-шарттарына қол қойылады

АЛМАТЫ. 14-маусым. Kazakhstan Today. Шанхай ынтымақтастығы ұйымының саммиті аясында 2 млрд. доллардың ынтымақтастық туралы келісім-шарттарына қол қойылады. Бұл туралы ҚХР-ның коммерция жөніндегі министрінің орынбасары Юй Гуанчжоу құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, саммит аясында түрлі елдердің кәсіпорындары мен банктері ірі және орташа ауқымды жобалар бойынша коммерциялық шарттар мен несиелік келісімдерге қол қояды.

Юй Гуанчжоудың айтуынша, Тәжікстан мен Өзбекстан арасында автомагистраль тарту, Тәжікстанда электр жалғастыру желісін тарту, Қырғызстанда цемент зауытын салу мен Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бері тұңғыш рет осы елде су электр станциясын салу туралы сөз болмақ.

Министрдің орынбасары аталмыш жобалардың аймақтың экономикалық дамуына атқаратын ролін ерекше атады. Оның айтуынша, Қытай Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше өзге елдермен сауда-саттық аясын кеңейтуге айрықша маңыз береді. Қуат көздерінің экспорты мен импортының аясы кеңеюмен бірге электромеханикалық жабдықтар, жоғары технологиялық өнімдер мен танымал өнім маркаларының саудасы ұлғаяды.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны