30.11.2009, 18:36 7643

Шекаралық өңірлер Кедендік одақтың тиімділігін бірінші болып сезінуге тиіс - мәжіліс депутаты

Шекаралық өңірлер Кедендік одақтың тиімділігін бірінші болып сезінуге тиіс - мәжіліс депутаты

Павлодар. 30 қараша. Kazakhstan Today - Шекаралық өңірлер Кедендік одақтың тиімділігін бірінші болып сезінуге тиіс. Бұл туралы бүгін Павлодарда "Нұр Отан" партиясының облыстық активінің кеңейтілген отырысында сөз сөйлеген Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, аграрлық мәселелер жөніндегі комитет төрағасы Ромин Мадинов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Азаматтар шекарадан өту үшін бірнеше сағат бойы кезекте тұратын жайттар біртіндеп келмеске кетеді", - деді депутат.

Оның айтуынша, "шекаралық өңірлердің тұрғындары Кедендік одақтың тиімділігін бірінші болып сезінеді". "Бұл бірлестік, бұл интеграция барлық үш мемлекеттің де дамуы үшін, бірінші кезекте Қазақстан үшін жаңаша серпін береді", - деді Р. Мадинов.

"Меніңше, Кедендік одақ сіздің облысқа айрықша даму әкеледі, сіздер соның нәтижесінде өздеріңіздің экономикалық көрсеткіштеріңізді барынша ұлғайта аласыздар", - деді депутат.

"Бұл - Кеңестер одағы ыдырағаннан кейінгі осы кеңістікте болған ең елеулі оқиға", - деп санайды депутат.

Еске сала кетейік, Павлодар облысы Ресейдің аса ірі үш өңірімен, атап айтсақ, Омск және Новосибирск облыстарымен, сондай-ақ, Алтай өңірімен шекараласады. Мемлекеттік шекараның жалпы ұзындығы шамамен 800 шақырымға тең.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны