29.02.2008, 10:56 761

Шығыс Қазақстан облысы мен Словакияның өзін-өзі басқаратын Трнава аймағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Шығыс Қазақстан облысы мен Словакияның өзін-өзі басқаратын Трнава аймағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Астана. 29-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысы мен Словакияның өзін-өзі басқаратын Трнава аймағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет салаларындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"2007 жылдың қараша айында мемлекет басшысының Словакия Республикасына жасаған мемлекеттік сапарының нәтижелерін іс жүзінде жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Кәрібжановтың жетекшілік етуімен облыс делегациясы Словакияға жұмыс сапарымен барды. 27-ақпан күні Трнава қаласында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ж. Кәрібжанов пен Словакияның Трнава өзін-өзі басқару аймағының төрағасы Т. Микуш сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет салаларындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды", - деп көрсетілген бейсенбі күні таратылған Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Қол қойылған құжатқа сәйкес, тараптар "иелік ететін субъектілердің өндірістік-техникалық нысандағы өнімдердің, шикізаттың, халық тұтыну тауарларының, тамақ өнімдерінің өзара тасымалын жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай тудырады; шетелдік капиталдың қатысуымен кәсіпорындардың құрылуына ықпал етеді, мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайту жағдайларын қамтамасыз етеді".

Меморандумның орындалу барысын бірлескен жұмыс тобы үйлестіретін болады. Оның міндетіне бірлескен бағдарламаларды келістіру және бекіту, сондай-ақ, нақты жобаларды жүзеге асыруға ұсыныс дайындау кіреді.

Сапар аясында Қазақстан делегациясы Трнава өзін-өзі басқару аймағының бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарын аралап, Словакияның ғылыми-зерттеу мекемелерінің жұмысымен танысты. Оның ішінде, атомдық және әдеттегі энергетика саласындағы жұмыстар бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны