22.01.2008, 15:13 1607

ШЫҰ мен БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты аймағының елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының хатшылықтары өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

ШЫҰ мен БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты аймағының елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының хатшылықтары өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Алматы. 22-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - ШЫҰ мен БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты аймағының елдеріне арналған экономикалық және әлеуемттік комиссиясының (ЭСКАТО) хатшылықтары кеше ШЫҰ Пекиндегі кеңсесінде өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ШЫҰ Хатшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, құжатқа ШЫҰ бас хатшысы Болат Нұрғалиев пен БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты аймағының елдері жөніндегі экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Ноэлин Хейзер қол қойған.

"Меморандум ынтымақтастықтың өзара тиімді салалары мен нақты формаларын, сонымен қатар бірлескен іс-қызметті жүзеге асыруға шолу жасау және байланыстарды одан әрі пәрмендендіру, өзара мүдделік танытатын ақпараттарды алмасу мақсатында сарапшылардың кеңесін жүргізуді қарастырады",- деп хабарлады ШЫҰ Хатшылығының баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында тараптар ШЫҰ мен БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты аймағының елдері жөніндегі экономикалық комиссиясының арасында тұрақты байланыс ұстануға ниетті екендіктерін білдірген. Сондай-ақ екі ұйымның экономика және сауда, көлік және коммуникация, энергетика, қоршаған ортаны қорғау және оны тұрақты дамыту, ақпараттық технология және оны пайдалану сияқты салаларда өзара ықпалдастық орнату мәселелері жөнінде пікір алмасқан.

Қазіргі уақытта ШЫҰ мен БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты аймағының елдері жөніндегі экономикалық комиссиясы Азия даму банкінің көмегімен ШЫҰ мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық көлік тасымалдауға ыңғайлы жағдай жасау туралы Келісім жобасын дайындау үрдісінде белсенді ынтымақтасуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны