01.06.2009, 17:23 2921

Сыртқы істер министрі Марат Тәжин Нидерланды Корольдігіне сапармен барады

Сыртқы істер министрі Марат Тәжин Нидерланды Корольдігіне сапармен барады

Астана. 1 маусым. "Қазақстан Бүгін"- Сыртқы істер министрі Марат Тәжин 3-4 маусымда Нидерланды Корольдігіне сапармен барады. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Оның айтуынша, онда министр Нидерланды Корольдігінің Сыртқы саясат ведомствосының басшысы Макси Верхагенмен және өзге де бірқатар министрлік басшыларымен кездесуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ осы сапар барысында М.Тәжин Қазақстан мен Нидерланды арасындағы байланыстарды сөз етіп, Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығына қатысты мәселелерді талқыламақ. Бұған қоса ол сыртқы істер саласына қатысты күн тәртібінде тұрған өзге де бірқатар мәселелерге байланысты пікір алмасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны