30.04.2008, 14:49 6576

Словакиялық дипломат БҰҰ-ның Орталық Азиядағы превентивті дипломатия жөніндегі орталығының жетекшісі болып тағайындалды

Словакиялық дипломат БҰҰ-ның Орталық Азиядағы превентивті дипломатия жөніндегі орталығының жетекшісі болып тағайындалды

Алматы. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Словакиялық дипломат БҰҰ-ның Орталық Азиядағы превентивті дипломатия жөніндегі орталығының жетекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды агенттік БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

29 сәуірде БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Мирослав Йенчаны Түрікменстан астанасы Ашхабадта өткен жылдың желтоқсан айында ашылған БҰҰ-ның Орталық Азиядағы превентивті дипломатия жөніндегі орталығының жетекшісі әрі өзінің арнаулы өкілі қызметіне тағайындады. БҰҰ-ның Ашхабадтағы орталығы БҰҰ хатшылығының саяси мәселелер жөніндегі департаменті таяу уақыттарда ашуды жоспарлап отырған бес өңірләік өкілдіктің біріншісі болды.

Орталық Азиядағы БҰҰ орталығы Түрікменстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның үкіметтеріне дау-дамайларды бейбіт жолмен шешу әлеуетін арттыруға және шиеленістердің алдын диалог және халықаралық қолдау тарту арқылы алу жөнінде үкіметтерге көмек көрсететін болады. Орталық өңірлік ұйымдармен жақын ынтымақтастық орнатып, өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылық, Орталық Азия елдерінің мүддесіне сай олардың өзара ықпалдастық орнату және оны тереңдету сахнасына айналмақ.

Орталықта БҰҰ-ның халықаралық қызметкерлерінің тобы жұмыс істеп жатыр. Оны қаржыландыруға бастапқыда $2,3 млн бөлінді. Орталықты Мирослав Йенча басқарады, ол бұған дейін Словакия сыртқы істер министрлігінің хатшылығын басқарған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны