23.05.2007, 16:42 3113

СПЕКА мүше елдер бастапқы мақсаттарын жүзеге асыруда тек шектеулі ғана жетістікке қол жеткізді - Тәжин

АЛМАТЫ. 23 - мамыр. Kazakhstan Today. Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия елдерінің экономикасына арналған арнайы бағдарламаларына мүше елдер бағдарламаның алғашқы мақсаттарын жүзеге асыруда тек шектелген жетістікке ғана қол жеткізді. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) 63-сессиясы аясында СПЕКА мүше елдердің өкілдері басшыларының бейресми кездесуі барысында ҚР СІМ Марат Тәжин мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

М. Тәжин Қазақстан СПЕКА-ның 2005 - 2007 жылдарға арналған жұмыс жоспарының 28 негізгі жоба бойынша жақын арада жүзеге асырылуына аса мән беріп отырғандығын атап өтті. Министр, Астанада қабылданған бұл құжаттың көлік, су , энергетика және қоршаған орта, сауданы дамыту, статистика саласында әлеуеттілік құру және даму мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану сияқты салалардағы ынтымақтастықтың басты бағыттарын қамтиды.

Оның айтуынша, жұмыс жоспарының жобасын жүзеге асыруға 11 млн АҚШ доллары бөлінген, транспорт, су және энергиялық ресурстарды, сауда, статистика және ақпараттық-коммуникациялық технологиясының 14 жобасын 4 млн АҚШ доллары көлемінде қаржыландыру кепілдігі бар.

"Бірақ, Астанадағы бас қосудағы жетістіктерге қарамастан, қазіргі уақытта мүше елдер алғашқы мақсаттарын жүзеге асыруда тек шектелген жетістікке ғана қол жеткізгендігін алға тартуға тура келуде", - деп таап көрсетті М. Тәжін. Осыған байланысты ҚР СІМ : "СПЕКА жобаларын жүзеге асыруға қызығушылық танытқан елдердің қатысуының жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ету үшін сындарлы ұсыныстар қажет",- деп атап өтті.

"Бұл ұсыныстар жұмыстың жаңа әдістерін әзірлеуді, сонымен қатар ынтымақтастықты кеңейту және тұрақты қаржыландыру көздерін іздеуді қамтуға тиіс",- деп санайды министр. Атап айтқанда, ол "бағдарламаның әлеуеті әлі толығымен жүзеге асырылмаған. Мұның басты себептерінің бірі СПЕКА жобасының ең біріншіде Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесіне кіретін халықаралық институттар мен басқа да донорлар тарапынан жеткілікті қаржыландырылмауы болып табылатындығын" атап өтті. "Бізге бағдарламалар жобасын орта мерізімді және ұзақ мерзімді қаржыландыру үшін қаржыны бағыттау жөніндегі қосымша механизмдер әзірлеу қажет",- деді М. Тәжин.

Сонымен қатар, оның пайымдауынша, СПЕКА одан әрі қолдауға, соның ішінде Еуропалық одақ және АСЕАН сияқты ірі аймақтық бірлестіктер тарапынан саяси деңгейде қолдау табуға қол жеткізу қажет. "Еуропалық одақ Орталық Азиядағы басты сауда серіктестігі мен доноры болып табылады және де біз біздің аймақтағы Еуропалық саясаттың басты аспектілерінің бірі СПЕКА жүзеге асырудағы ынтымақтастықты кеңейту болатындығына үміттіміз",- деп атап өтті ол.

Бұрын хабарлағанымыздай, Біріккен Ұлттар Ұйымының Орта Азия елдерінің экономикасына арналған арнайы бағдарламасын құру бастамасын бірінші болып 1997 жылы Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтерген.Мақсаты Орталық Азия елдері үшін экономикалық даму саласындағы басымдықтағы мәселелерді шешу үшін қосымша ішкі және сыртқы ресурстарды мобилизациялау қажеттілігі болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны