11.01.2010, 14:01 2990

Таиланд өкіметі тұтқындалған қазақстандық ұшқыштарға жаңа айып таққан жоқ - ҚР СІМ

Таиланд өкіметі тұтқындалған қазақстандық ұшқыштарға жаңа айып таққан жоқ - ҚР СІМ

Астана. 11 қаңтар. Kazakhstan Today - Таиланд өкіметі 12 желтоқсанда тұтқындалған Ил-76 ұшағының экипажына жаңа айып таққан жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов Kazakhstan Today тілшісіне берген сұхбатында құлағдар етті.

"Бізге белгілі ақпаратқа сәйкес, бұл - жаңа айыптар емес, бұған дейінгі айыптарды нақтылау", - деді Асқар Ибдірахманов.

Оның осы орайда нақтылауынша, айыптардың жаңаша атауы соттың талқылауы барысына әсерін тигізбейді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Таиландта осыдан бір ай бұрын ұсталған Ил-76 ұшағының экипажына жаңа айыптар тағылды, деп Вести.Ru сайты кеше хабарлады.

Ұшқыштарға заңсыз қару тасу, оны елге заңсыз әкелу, сондай-ақ, ұшақ бортында қару-жарақ бар екендігі жайлы хабарламау жөніндегі айыптар тағылып отыр, деп жазады "Бангкок Пост" газеті.

Мақалада нақтыланғанындай, бастапқыда ұшқыштарға заңсыз қару сақтау және тасымалданатын жүктің сипаты туралы қасақана жалған ақпарат беру туралы айып тағылған.

Сондай-ақ, тергеу тарапынан сотқа экипажды қамауда ұстау мерзімін ұзартуды сұрап өтініш жолданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны