06.01.2010, 19:09 3332

Таиланд полициясы Қазақстандық журналистерді соғып, қашып кеткен жүргізушінің аты-жөнін анықтады

Таиланд полициясы Қазақстандық журналистерді соғып, қашып кеткен жүргізушінің аты-жөнін анықтады

Астана. 6 қаңтар. Kazakhstan Today - Таиланд полициясы Қазақстандық журналистерді соғып, қашып кеткен жүргізушінің аты-жөнін анықтады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Еске сала кетейік, Таиланд елінің Паттайя курортында сәрсенбіге қараған түні жол апатынан "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің PR-бөлімінің директоры Ирина Голдырева мен "Сезон" журналының бас редакторы Жанна Мушраунова қаза тапты. Жолдағы апаттан Ж. Мушраунованың қызы Зарина ауыр жарақаттанған, ол ауруханаға жатқызылды. Екі әйел мен жасөспірім қызды Паттайя курортындағы бір қонақүйдің маңында жолдан өтіп бара жатқанда бір көлік соғып кеткен.

"Жедел іздестіру шараларының қорытындысы бойынша Таиланд полициясы Қазақстандық журналистерді соғып, қашып кеткен жүргізушінің аты-жөнін, көліктің мемлекеттік нөмірін және автокөліктің маркасын анықтады", - деді бүгін І. Омаров.

Оның айтуынша, Қазақстанның дипломатиялық миссиясы " Таиланд құқық қорғау органдары жүргізіп жатқан тексерудің барысына тұрақты мониторинг жүргізуде ".

Сондай-ақ, оның хабарлауынша, Зарина бүгін Қазақстанға ұшып шығуға тиіс. "Қазір оның денсаулығы біршама жақсарды", - деді І. Омаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны