24.01.2008, 18:07 3035

Ташкентке АҚШ Орталық Қарулы күштерінің басшысы келеді-ақпарат көздері

Ташкентке АҚШ Орталық Қарулы күштерінің басшысы келеді-ақпарат көздері

Ташкент. 24 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ташкентке бүгін Орталық Азия мемлекеттеріне сапары аясында АҚШ -тың Қарулы күштерінің Орталық басқармасының басшысы, адмирал Уильям Фэллон келеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі. Бұл туралы агенттікке Өзбекстанның сыртқы істер министрлігінің ақпарат көздері мәлім еткен.

Оның алдында ол Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан және Пәкістан елдеріне барып қайтқан. Америкалық адмирал президент Ислам Кәрімовпен кездесіп, Өзбекстанның сыртқы істер министрлігінде, қорғаныс министрлігі мен Сенатта келіссөздер жүргізеді,

Ақпарат көздерінің айтуынша, екі жақты келіссөздері барысында, АҚШ пен Өзбекстан арасында әскери-техникалық қарым -қатынастарын кеңейту және Ауғанстан мен Пәкістандағы оқиғаларға орай, халықаралық лаңкестікке қарсы күрес мәселелері тақыланады.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, амирикандық әскери базасының Өзбекстан жерінде қайта тұрақталуы жөнінде келіссөздер жүргізілмейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны