14.07.2008, 16:40 2269

Ташкентте Орталық Азия + Жапония атты диалог шеңберінде аға лауазымды тұлғалардың 4-ші отырысы өтеді

Ташкентте Орталық Азия + Жапония атты диалог шеңберінде аға лауазымды тұлғалардың 4-ші отырысы өтеді

Астана. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) ҚР СІМ өкілдерінің қатысуымен 15 шілдеде Орталық Азия + Жапония атты диалог шеңберінде аға лауазымды тұлғалардың 4-ші отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Е.Ашықбаевтың айтуынша, ақпараттық - телекоммуникациялық технологиялар мен көлік, құрылыс, энергетика және минералдық ресурстар салаларындағы ынтымақтастық диалогтың негізгі бағыты болып табылады.

"Алдағы келе жатқан отырыс күн тәртібінің бас мәселесі үстіміздегі жылы жазда Ташкент қаласында аталған диалог шеңберінде өтетін сыртқы істер министрлері кеңесінің 3-ші кездесуінің хаттамасын талқылау болып табылады",- деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны